» » Инесіз салатын укол ойлап табылды

Инесіз салатын укол ойлап табылды


Қазір зерттеушілер ауыртпай салынатын егу әдістерін іздеп жатыр. Көпшілік укол салғанда ауырады және қан тамырлары арқылы салынған ондаған уколдан кейін көгеріп қалады деп қорқады. Осындай себептермен кейде адамдар тиісті егуіне бармай да қалады. Сондықтан ғалымдар инесіз салынатын укол әзірледі, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі TengriMIX-ке сілтеме жасап.
Бұл проблеманы PRIME құрылғысы арқылы шешуге болады. Portal Instruments жобасы инесіз укол салатын құрылғыны әзірледі. Қазір жапониялық Takeda компаниясы жобаны қолдап, шартқа отырды. Содан кейін құрылғы сатылымға шыға алады.
Көлемі жағынан жаңа гаджет электр ұстарасынан үлкендеу. Инъекцияның дозасы бір рет қолдануға арналған контейнерге микроскоптық тесік арқылы құйылады. Содан мықты электромагнитті механизм дәріні үлкен жылдамдықпен (сағатына 720 километрге жуық) итереді. Соның арқасында дәріні жіңішке ағынмен қатты қысым арқылы теріге кіргізіп жібереді. Сол кезде адам ешқандай ауру сезінбейді және артық дыбыс шықпайды.
Бұл құрылғы инъекция салудың уақытын да қысқартады. PRIME-ның көмегімен 1 мл дәріні жарты секунд ішінде салуға болады. Ал кәдімгі укол арқылы 10-20 секунд уақыт кететін. Құрылғыны ойлап тапқандар арнайы қосымша да әзірледі. Онда инъекцияның кестесін қадағалап, емдеуші дәрігерге ақпарат жіберіп отыруға болады.
Мамандар құрылғы қан арқылы жұғатын түрлі аурулардың қаупін де төмендетеді деп отыр. Айтпақшы, организмге анаша егуде қолданудың алдын алу үшін болашақта бұл құрылғы дәрігердің арнайы рұқсатымен ғана сатылады.
23 желтоқсан 2017 ж. 1 345 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031