» » Үндістан күріш өсіруді азайтуы керек − ғалымдар

Үндістан күріш өсіруді азайтуы керек − ғалымдар


Ғалымдар жүргізген соңғы зерттеу нәтижелеріне сенсек, Үндістан күріш пен бидай өсіруді азайтып, қоршаған орта мен адам денсаулығына зияны жоқ шаруашылыққа көшуі керек.
2050 жылға қарай Үндістанда 400 миллион адам азық-түлік тапшылығына ұшырайды. Қазіргі күннің өзінде су мен тамақтың жетіспеушілігі бар екенін ескерсек, бұл болашақта үлкен мәселеге айналғалы тұр.
Халықаралық ғалымдар тобы жүргізген зерттеу осы ел үкіметінің екі негізгі міндеттеріне – ұлтты тамақтандыру мен суды дұрыс пайдалануға негізделген.
Бүгінгі таңда Үндістан халқының үштен бірінде анемия бар, сондай-ақ ауыл шаруашылығы мен жауын-шашынның азаюынан сумен қамту саласында да проблемалар кездеседі.
Үндістан халқы көбіне дәнді дақылдарды тұтынады. Бірақ ғалымдар мемлекеттегі проблемалардың пайда болуына дәнді дақылдардың түрін таңдау әсер еткен деп болжам жасап отыр.
«Егер Үндістан күріш пен бидай өсіруді азайтпаса, ресурстарды тиімсіз пайдалану және климаттың өзгеру проблемасы толастамайды. Сондықтан тұтынушылық қауіпсіздік пен экологиялық мақсатта осы проблеманы шешуге тырысу керек», - дейді Колумбия университетінің ғалымы Кайл Дэвис.
Ғалымдар Үндістанда ең көп өсірілетін бес түрлі дақылды зерттеген: күріш, бидай, жүгері, сорго (ақ жүгері), просо. ScienceAdvances журналында жарияланған зерттеу нәтижелеріне сенсек, Үндістанда судың көп мөлшері күріш өсіруге жұмсалады. Сондай-ақ бидай да көп мөлшерде суды қажет етеді.
Зерттеуде ғалымдар ауыл шаруашылық дақылдарының құнарлылығын да ескерген. Оның ішінде калория, ақуыз, темір мен цинк мөлшері басты назарға алынған. Бақылау нәтижесі көрсеткендей, жүгері мен ақ жүгері темір көрсеткішін азайтады.
Үндістанның күріш пен бидайға тәуелділігіне 1960 жылдардағы «жасыл революция» әсер етсе керек. Ол кездері жаңа ауыл шаруашылық технологияларының дамуы түрлі дақылдарды өсіруге әкелген болатын. Дегенмен, бұл өзгеріс өңірдегі аштыққа әсер етіп, қоршаған ортаға кері әсерін тигізген, сондай-ақ парник газдары мен ауаның ластануына әкелген.
Дэвистің айтуынша, бір миллиардтан астам халықтың қалыптасып кеткен тамақтану дәстүрін бұзу өте қиын. Сонымен қатар кейбір өңірлерде бұл дақылдарды тұтыну көрсеткіші де тым жоғары.
«Үндістан үкіметі кішігірім фермаларға субсидия беруді арттырып, күріш пен бидайды аз өсіруге мән бере бастағаны жөн», - дейді мамандар.
10 шілде 2018 ж. 1 630 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031