Путин: Ресей мен АҚШ қарым-қатынасты қалпына келтіру үшін "алғашқы қадам жасады"

Путиннің айтуынша, кездесу "өте пайдалы өткен" әрі "екі ел арасындағы сенімділікті арттырған". Ал Трамп "төрт сағат бұрын жаңа кезеңге қадам басқандарын" айтты. Путин Трамппен "Украинадағы жағдайды да талқылаған". Бірақ Ресей президенті Украинаға қатысты нақты қандай шешім қабылдағанын айтпады. Хельсинкиде саммит күні қауіпсіздік шаралары күшейтіліп, жолдар жабылды. Путин мен Трамп кездесіп жатқанда белсенділер қалада наразылық шарасын өткізді. Олардың ішінде 64 күн аштық жариялап отырған украиналық режиссер Олег Сенцовтың бостандығын талап еткендер де болды.