Назарбаев Путинді сыйлауының себебін айтты
Нұрсұлтан Назарбаев Ресей басшысын не себепті сыйлау керегін айтты.
«Владимир Путин 2000 жылы президент болды. Сол күннен бастап жақсы қатынастамыз. Іскерлік қатынасымыз бүгінде достыққа ұласты. Біріншіден, мен оның қалай жұмыс істейтініні бақыладым. Ол Ресей билігіне қажет кезінде келген адам», – елбасы Бірінші арнаға берген сұхбатында.
Елбасы Путиннің билікке келген уақытында Кавказда соғыс жүріп жатқанын, халықаралық қатынастар мен ішкі экономика құлдырап кеткен кезең болғанын еске алды.
«Ол осы жағдайдың бәрін басқара білді. Ресейді жоққа балап, маңызды әлемдік мәселелерге араластырмай қойды. Путин Ресейді тұруы тиіс болған орнына қайта қойды. Ресейді ысырып қоюға болмайды. Бұл өте ауқымды ядролық-зымыранды ел. Бұл әлемдік саясатта үлкен рөл атқарады», – дейді елбасы.
Қазақстан президенті Путиннің адамгершілік қасиеттерін де атап өтті.
«Путин сөзінде тұратын адам. Николо Макиавеллидің “Государь” атты кітабында ел басшысының берген уәдесін қайтып алуға болатыны туралы айтқан. Ал, Путин ондай адам емес. Берген уәдесінен ойлана келе айнып қалмайды. Тіпті орындаудың өзі ол үшін пайдалы болмаса да, уәдесінде тұрады», – деді Назарбаев.