Huawei телефон сатылымы бойынша Apple-ді басып озды
Қытайлық Huawei компаниясы 2018 жылдың екінші тоқсанында смартфондарды жеткізу көлемі бойынша бірінші рет Apple-дің алдына шықты. Мұндай деректі International Data Corporation (IDC) консалтингтік компаниясы келтірді.
Huawei 54,2 млн смартфонды сатып үлгерген, ал Apple компаниясының iPhone смартфонының көрсеткіші 41,3 млн. Осылайша қытайлық компания әлемдік нарықтың 15,8% үлесін иеленген, американдық компания – 12,1%. Оған қоса Huawei қытай смартфон нарығының 27% иеленіп рекордтық көрсеткішке қол жеткізген.
Бұл сегменттегі көшбасшы Samsung болып отыр, ол 71,5 млн смартфонды сатылымға шығарып, нарықтың 20,9% иленеуде. Huawei мен Apple-ден кейін Xiaomi және Oppo компаниялары тұр. Екінші тоқсанда смартфондардың жалпы жеткізілімі 1,8% қысқарып – 342 млн бірлікті құраған. ИА REGNUM хабарлағандай, Apple компаниясының тоқсандық сатылымнан түскен кірісі 53,26 млрд құраған. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен 17% жоғары.