» » «iPhone» соңғы өзгерістер

«iPhone» соңғы өзгерістер


Әлемдегі ең қымбат бренд атанған Apple компаниясы өз өнімдерінде түрлі өзгеріс жасауда. БАҚ өкілдері бұл жаңалықты әлемнің түкпір-түкпірінде жарыса жазды. Жақын уақытта шығатын үш түрлі "iPhone"-ның экрандары көрсетілді7 Белгілі инсайдер Вениамин Гескин твиттердегі парақшасында алдағы уақыттарда жарық көретін үш түрлі iPhone смартфонының экранын көрсетті. Телефондардың алдыңғы бөлігінде айтарлықтай айырмашылық жоқ. Атаулы құрылғының "моноқабақты" экрандары – (5,8), (6,1) және (6,5) дюйм.
Ең қымбат бағамен сатылымға шығатын жаңа гаджеттің сыртқы сұлбасы дәл iPhone Х смартфонымен бірдей. Яғни, "iPhone Х"-тің нарықтағы орнын басатын бұл телефон iPhone 9 Plus деп аталады. Оның бағасы шамамен $999, яғни 345 мың теңгенің айналасында. Биыл Apple компаниясы Face ID функциясы енгізілген барлығы 91 миллион смартфонды сатылымға шығарады. Қолданушының бет-бейнесін сканерлеу арқылы бұғаттан шығаратын телефондар биыл танымал болды. 2018 жылы осы жүйемен жұмыс істейтін смартфондардың барлығы 103 миллионы сатылады деген болжам бар. Соның 91 миллионы Apple компаниясының смартфонына тиесілі болмақ. Ал бұл технологияны пайдаланып жатқан Android-смартфондардың жыл соңына дейін 12 миллионы сатылады. Бұл операциялық жүйеде көбіне Face ID функциясын пайдаланатын Xiaomi Mi8 Explorer Edition және Oppo Find X смартфондары.




26 шілде 2018 ж. 839 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031