» » Tesla шығыны $717 миллионға жетті

Tesla шығыны $717 миллионға жетті

2018 жылдың II тоқсанында америкалық Tesla компаниясының шығыны 2017 жылғы осы аралықпен салыстырғанда екі есеге өсті.
Компания есебіне сәйкес шығын $717,5 млн құраған. Олар Model 3 жаңа өнімін қаржыландырумен байланысты. Соған қарамастан өзін ақтаудағы түсім II тоқсанда $4 млрд дейін өскен, бұл бірінші тоқсанға қарағанда 23%-ға және өткен жылмен салыстырғанда 47% жоғары. Кіріс өсімі Model 3 көлігін жеткізу арқасында орын алған. Осы кезең аралығында компания 53,3 мың автокөлік шығарса, оның 40,7 мыңы сатылып үлгерген. Осылайша жаңа көлік ең өтімді өнімге айналып отыр.
Компанияалдағы III және IV тоқсандағы көрсеткіштер бұдан жақсара түседі деген сенімде.
Естеріңіз сала кетсек, I тоқсандағы Tesla компаниясының шығыны $710 млн жеткен. 2017 жылдың шілде айынан бастап Tesla жаңа Model 3 автокөлігін құрастыруды бастаған болатын. Оның бағасы $35 мынан басталады. Бұл компания шығаратын ең арзан модель.
03 тамыз 2018 ж. 716 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031