» » Түркияда орта ғасырда салынған ғимарат көшірілді

Түркияда орта ғасырда салынған ғимарат көшірілді

Түркияда орта ғасырларда салынған «Артуклу» моншасын басқа жерге көшірді. ХІІ ғасырда салынған ғимарат тұтастай көшіріліп, Батман провинциясындағы Хасанкейф мәдени бағына жеткізілген. Батман провинциясының губернаторы Ахмет Дениздің айтуынша, Түркияның оңтүстік-шығысында «Илису» су қоймасының салынуына байланысты сол маңдағы мәдени мұралар басқа жерге көшіріліп жатыр. «Мемлекет мәдени мұралар мәселесіне ерекше көңіл бөледі, сондықтан, стратегиялық маңызы бар жоба аймағындағы тарихи ғимараттарды басқа жерге көшіріп жатыр», - дейді ол. Губернатордың сөзіне қарағанда, тағы да жеті тарихи мұра нысаны көшірілмек. Олардың барлығы бір жерге жиналып, Хасанкейфте туризмді дамытуға үлес қосады. Түркия Мемлекеттік сумен қамту жөніндегі басқармасының директоры Мурат Аджудың айтуынша, 2017 жылғы 12 мамырда 555 жыл тұрған Зейнел бей моласы көшірілген.
07 тамыз 2018 ж. 967 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031