Қалалық училище
Қызылорда – 200
200 жылдық тарихы бар Қызылорда қаласы қазақ зиялыларының табаны тиген тарихи өлке. ХІХ ғасырда мұнда 36 ғимарат салынған. Олардың бірі – қалалық училище. Олқазіргі ескі базар маңындағы «Аль-Асад» сауда үйі орналасқан ғимарат. Бұл ғимарат 1878 жылы әскерилердің балаларына арналған училище ретінде салынған. Шіркеу жанындағы барактарда офицерлер мен солдаттардың отбасы тұрғандықтан, оқу орны жақын жерге, яғни шіркеуге қарама-қарсы орналасқан. Базар жанындағы барак типтес үйлер 1990 жылға дейін ел игілігіне жарып, бүгінде сүріліп тасталды. Аталған ғимараттардың бір құрылыс материалынан, яғни күйдірілген қыштан салынғаны, бір-біріне жақын орналасқаны, салынған уақыты олардың тарихи құндылығын айқындап тұр.
Бүгінде ғимарттың тарихын маңызын ескерген басшылық тәуелсіздік мерекесі қарсаңында «Аль-Асад» сауда үйінің қабырғасына Алаш қозғалысының қайраткері Мұстафа Шоқай құрметіне ескерткіш тақта орнатты. Өйткені көненің көзіндей сақталған бұл ғимаратта 1899-1902 жылдары бала Мұстафа білім алған.