2017 жылдың ең тиімді валютасы анықталды
2017 жылдың ең тиімді валютасы болып Мозамбик метикалы танылды. Оның курсының долларға қатынасы 21% өсті.
Сарапшылар, өткен жылы криптовалюта иелерінің максималды кіріске қол жеткізгенін айтып өтті. Биткоин 1 500% өскен. Десе де, мамандар криптовалютаның әзірге қауіпті екенін жасырмайды. Әлемдік валюта нарығының лидері болып Мозамбик метикалы танылды. Ол өткен жылы 21% өскен болатын. Бұдан кейінгі орындарда Чех кроны мен Польша злотыйы тұр. Олардың курсы 18% өскен. Ал Өзбек сомы керісінше 60% арзандады. Шикізат активтерінің ішінен палладий иелері табысқа жетті. Себебі, аталған актив түрінің курсы 54% өскен еді. Мыс пен алюминий 29% қымбаттады. Табиғи газ керісінше 27,5% арзандап, иелерін шығынға батырды.Греция бағалы қағаздарының құны — 60%, Белизанікі — 38,7%, Аргентинанікі 30% өсті. Ал Венесуэланікі керісінше 55% арзандады.Индекс қоры бойынша украиналық UX 80% өсіп, жақсы көрсеткішке ие болды. Екінші және үшінші орында Қазақстан (+64%) мен Моңғолия (+63%) тұр. Ал тізімнің соңына 22% арзандаған Пәкістан жайғасты.