» » » ТЕҢГЕНІҢ ТАҒДЫРЫ...

ТЕҢГЕНІҢ ТАҒДЫРЫ...


Ұлттық валюта – Тәуелсіз елдің символы ғана емес, оны нақты айқындаушыларының бірі, бір тағаны екені белгілі. Өйткені, төл валюта ел экономикасын реттеуге үлкен мүмкіндік береді.Саяси қауқары да бар.
Біздің де елдік абыройымыз, мақтанышымыз саналатын теңгеміздің дүниеге келгеніне биыл – 24 жыл. Тәуелсіздік таңы енді атқан тұста өз валютамызың өмірге келуі – үлкен жетістік. Теңгенің аттан түспей «терілікті майдай ерітіп», долларды артқа тастаған тұсы да, онымен итжығыс түскен кездері де болды.Бұл осыдан 15 жыл бұрынғы уақыт еді. Алайда бұл қаржылық саясат немесе экономиканың әртараптандыру емес, керісінше мұнай бағасының үздіксіз көтерілуі мен ағылған ағылған долларлардың нәтижесі болатын. Мәселен, теңгенің құны 1999 жылдың сәуірінде 1 АҚШ долларына шаққанда 84-тен 138 теңгеге бірден құлдырағанын білеміз. Бірақ одан кейін теңгенің 1 долларға шаққандағы сатылу бағамы 119,9 теңгеге (01.11.2008ж.) дейін жетіп, күшейе алды. Тіпті девальвация соғатын 2009 жылдың 4 ақпанынан бір күн бұрын да теңге бағамы 1 долларға шаққанда шамамен 124 тұрған екен.
Осылайша, он жылдай уақыт бойы теңге дәуірледі. Қарапайым халықтың жағдайы салыстырмалы түрде алғанда тұрақты жақсара бастаған кезі де сол кезең. Сол жылдары үлкен бір тындырылған жұмыстың бірі – мұнайдан ағылған ақшадан ұлттық қорды құрып алғанымыз. Бірақ уақыт өте келе ұлтық валютаның беделі төмендей бастады. Қазақстандықтардың өз болашағы үшін жиған қаражатында теңгеге деген орын тарыла түсті. Мысалы теңгенің соңғы орасан құлдырауынан кейін еліміздегі жеке және заңды тұлғалардың депозиттерін доллармен ашуы, сақтауы тіптен арта түскен. Төл теңгенің құнсыздануының негізгі факторы да осы. Әйтсе де, ақшамыз қанша жерден құнсызданса да, біз төл теңгеден бас тартпаймыз.
Ерасыл ШӘРІБЕК
18 желтоқсан 2017 ж. 1 096 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031