» » АҚШ Пәкістанға ақшалай қаржы бөлуін тоқтатты

АҚШ Пәкістанға ақшалай қаржы бөлуін тоқтатты


АҚШ билігі Пәкістанға қауіпсіздік саласына бөлінетін қаржылай көмек көрсетуді тоқтатты. Бұл мемлекеттің лаңкестік ұйымдармен жеткілікті түрде күрес жүргізбеуіне жауап ретінде қабылданған шара. Бірақ американдықтар ресми Исламабад осы бағыттағы ұстанымын өзгертсе, тиісті шешім қайта қарастырылуы мүмкін екенін айтып отыр. Хезер Науэрт, АҚШ Мемлекеттік департаментінің ресми өкілі: - Талибан және Хаккани қозғалысының содырлары өңірдегі жағдайды шиеленістіріп, АҚШ қызметкерлеріне қарсы әрекет етеді. Сондықтан Пәкістан билігі олармен күрес жүргізу бағытында нақты қадамдарға көшу керек. Ал, оғанға дейін АҚШ қауіпсіздік саласына қаржы бөлмейді. Бұған дейін АҚШ президенті қаржылай көмек беруді тоқтату мүмкіндігі жайлы твиттердегі парақшасында жазған болатын. Ақ Үй басшысы Пәкістан билігін «Ауғанстаннан келген содырларды жасырып, лаңкестікке қолдау көрсетті» деп айыптаған. Сондай-ақ Дональд Трамп соңғы 15 жылда американдықтар Исламабадқа 33 миллиард доллар қаржы бөлгенін де еске салған болатын. Бұл мәлімдеме пәкістандықтардың жаппай наразылығын тудырды.


05 қаңтар 2018 ж. 822 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031