» » Қырғызстан президентінің Қазақстанға сапары басталды

Қырғызстан президентінің Қазақстанға сапары басталды

Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков дүйсенбіде Қазақстанға ресми сапармен келеді. Қырғызстан президенті баспасөз қызметінің хабарлауынша, сапар барысында Жээнбеков Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен жеке кездеседі.
Бұдан соң екі ел басшысы кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізіп, Еуразия экономикалық одағы (ЕАЭО) аясындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылайды. Назарбаев Жээнбековті 30 қарашада Минскіде Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы (ҰҚШҰ) саммиті аясында өткізген кездесуінде Қазақстанға сапарлауға шақырған. Назарбаев ол кезде Жээнбековті Қырғызстан президенті болып сайлануымен құттықтап, екі ел халықтары арасындағы «тату көршілік қарым-қатынасты» қалпына келтіру қажетін айтқан. Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы қарым-қатынас қазан айында сол кездегі Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаевтың қазақ билігі атына айтқан сынынан соң нашарлаған еді.
Жээнбеков 26 желтоқсанда ТМД елдері басшыларының бейресми кездесуіне қатысу үшін Мәскеуге барады.


25 желтоқсан 2017 ж. 1 015 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031