» » Лондон тұрғыны өзен қоқысын жинауға арналған қалқымалы велосипед құрастырды

Лондон тұрғыны өзен қоқысын жинауға арналған қалқымалы велосипед құрастырды


Лондонның қоғам белсендісі қолдан жасалған қалқымалы велосипедімен Темза өзенін пластик қоқыстардан тазартып жүр. Ол осылайша қоршаған ортаның ластануына қоғам назарын аударғысы келеді екен. Ғалымжан Қараманұлы, Twitter@baiimbet: – Мына қалқымалы велосипедті айдау, одан қалды бос құтыларды жинау оңай шаруа емес. Әсіресе Лондонның жаңбырлы және желді күнінде. Оның үстіне бұл көліктің не тежегіші, не артқа айдау мүмкіндігі жоқ. Друв велокатамаранды жасау үшін бамбук, себет, үрлемелі қайық және велосипед пайдаланған. Бұл көлік бір сағаттың ішінде шамамен 10 шақырымға дейінгі қашықтықты еңсереді. Друв күн сайын пластик бөтелкелер, стакан, көзілдірік, шоколадтың қағазы және жылтыр қалта сынды екі себетке тола қоқыс жинайды. Друв Боруа, қоғам белсендісі: – Бұл Лондонның орталығы. Егер қаланың жүрегі осындай болса, басқа жерлердегі жағдайды көз алдыңызға елестете беріңіз. Түп-тамыры үнді, британиялық Друв 35 жаста. Ол бұған дейін корпоративті басқару бойынша кеңесші қызметін атқарған, қазір тек қоғамдық шаралармен айналысады және бұған дейін жинаған қаржысына күн көреді. Друв сондай-ақ саяхаттағанды жаны сүйеді, тіпті Қазақстанға да табан тірегенін тілге тиек етті.
24.kz
07 қаңтар 2018 ж. 1 003 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031