Өзбекстан мен Тәжікстан визадан бас тартуға дайын
Asia Plus Тәжікстан басылымы мемлекеттегі билік дереккөзіне сілтеме жасап, Душанбе мен Ташкент арасындағы келіссөздердің оң нәтиже беріп жатқанын хабарлады. Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон мен Өзбекстан премьері Абдулла Арипов кеше кездессе де, бұл туралы ресми ақпарат аз, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі centrasia.ru сайтына сілтеме жасап.
Есесіне бүгін аталған сайт әңгімелесушісі екі елдің жаңа автобус және теміржол маршруттарын ашқанын, шекараны толықтай делимитациялағанын және визасыз жүру мәселелерін қарастырғанын айтып өтті. Егер осы айтылған мәселелер толықтай жүзеге асырылса, Орта Азиядағы көршілердің қарым-қатынасы жыли түседі. Кеше Өзбекстан премьері Абдулла Арипов пен Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон арасында болған келіссөздер - президент Шавкат Мирзиеевтің Душанбеге сапарына дайындық.
«Қиямет күні қайырымсыз болған көршіні ешкім де кешірмейді. Бұл оңай болмайтынын анық. Бірақ, біз 20 жылдан бері қатып тұрған мұзды ерітуіміз қажет», - деген еді Мирзиеев.