Елдеріне қайта алмай қалған алты турист үңгірде тұруға мәжбүр болған
Үндістанда әуе қатынасы тоқтатылғаннан кейін үйлеріне қайта алмаған шетелдік алты турист үңгірде тұруға мәжбүр болған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Daily Mail басылымы жазыпты.
Франция, АҚШ, Украина, Турция мен Непалдың азаматтары - төрт еркек пен екі әйел Үндістанның Ришикеш қаласының маңында орналасқа үңгірде тұрып келген. Олар мұндай шешімге 24 наурыз күні ақшалары таусылғандықтан келіпті. Осылайша туристер бір айға жуық үңгірде тұрған.
Полиция қызметкерлері шетелдіктерді анықтағаннан кейін оларды 14 күндік карантинге жіберіпті. Десек те олардың ешқайсыныың бойынан коронавирустың белгілері байқалмаған.
Үндістан шекарасы жабылмай тұрыс туристер Муни Ки Рети ауданындағы қонақ үйде тұрып келген. Өз елдеріне қайта алмағандықтан олар ақша үнемдеу мақсатында үңгірге қоныс аударған.
Қазіргі таңда Үндістандағы қатаң карантин шараларынан кейін әуе қатынастары толығымен тоқтатылыпты. Сол себепті бұл мемлекетте жүрген мыңнан астам турист отандарына орала алмай отырған көрінеді. Бір ғана Ришикеш қаласында шетелдік 700 азамат бар көрінеді. Бүгінгі күні Германия, Ұлыбритания, АҚШ сынды мемтекеттер өз азаматтарын қайтару мақсатында арнайы рейстер жалдауда.