» » Таиландта үңгірден құтқарылған оқушылар әлемдік БАҚ өкілдерімен кездесу өткізеді

Таиландта үңгірден құтқарылған оқушылар әлемдік БАҚ өкілдерімен кездесу өткізеді

Таиландтағы үңгір ішінде екі аптадан астам уақыт жатқан оқушылар мен олардың жаттықтырушысы бүгін кешке әлемдік БАҚ өкілдерімен кездесіп, баспасөз жиынын өткізеді.
«Әлемдік БАҚ өкілдері бұл оқиға туралы кейіпкерлердің аузынан естігілері келеді, сол себепті оларға баспасөз конференциясына қатысуға рұқсат еттік. Бұл үңгірде қалған оқушылардың журналистермен бірінші және соңғы кездесуі болмақ. Бұдан кейін олар баспасөз қызметімен байланысқа шықпайды. Осылайша біз олардың жеке өміріне бас сұғудан қорғағымыз келеді», - дейді Чианграй провинциясының губернаторы Прачона Пратсакуна.
Оның айтуынша, бұл кездесуден кейін балалар үйлеріне қайтып, күнделікті тіршіліктерін жалғастырады.
Губернатор балаларға сұрақ тікелей қойылмайтыны, әр сұрақ оларды емдейтін дәрігердің келісімін алып барып қойылатынын айтты. Басты мақсат – балалардың жанын жаралап, жүрегін ауыртатын және психологиялық денсаулығына кері әсерін тигізетін тақырыпты қозғамау.
Сұрақтардың көбі үңгірде қалған бірінші күнге ғана қатысты болмақ.
«Көптеген халықаралық және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары балалардың үңгірдің ішіне қалай кіргендері, оның ішінде қалай қалып қойғандары туралы олардың ата-анасы, туыстарының айтулары бойынша ғана біледі. Психиатрлар мұндай сұрақтардың қойылуына қарсы, себебі кез келген жағымсыз сұрақ баланың уайымдауына себеп болады», - делінген хабарламада.
18 шілде 2018 ж. 755 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031