» » Instagram-да QR-код функциясы іске қосылды

Instagram-да QR-код функциясы іске қосылды

Instagram әлеуметтік желісінде кез келген смартфон арқылы сканерлеуге болатын QR-код функциясы іске қосылды, – деп жазады The Verge.
QR-код қызметін сынақтан өткізу бір жыл бұрын Жапонияда басталған. Қазір әлеуметтік желі қолданушыларының бәріне қолжетімді. Жеке қолданушылар үшін ғана емес, компаниялар үшін де пайдалы болмақ. QR-код арқылы қолданушылар профильге бірден өтеді.
Әлеуметтік желі қолданушылары жеке кодын жасау үшін профиліндегі баптаулар мәзіріне кіріп QR-кодты басса болғаны. Одан кейін сақтауға және оны өзгелермен бөлісуге болады. Сондай-ақ QR-код түсін алмастыру қарастырылған.
Instagram желісінде осыған ұқсас Nametag атты функция болған. Ол арқылы жасалған QR-кодты желінің камерасы арқылы ғана сканерлеуге болатын. Мұны енді QR-код толық алмастырады.
Осыған дейін Instagram TikTok-қа бәсекелес болатын Reels функциясын іске қосатыны жайлы да хабарлаған. Қолданушылар әртүрлі музыка мен аудижазбаларға 15 секундтық видео түсіріп жариялай алады.

massaget.kz

21 тамыз 2020 ж. 322 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031