» » Facebook студенттерге арналған әлеуметтік желі жасап шықты

Facebook студенттерге арналған әлеуметтік желі жасап шықты

Массагет.кз Facebook компаниясы студенттерге арналған жаңа әлеуметтік желіні жасап шықты. Бұл туралы компанияның ресми сайты хабарлады.
Жаңа платформа Facebook Campus деп аталады. Қашықтан оқу кезінде таныстық үшін таптырмас желі болмақ. Пандемия кезінде группадағы студенттер үшін ыңғайлы етіп жасалған. Группадағы студенттермен оңай тілдесіп, университет және колледж әкімшілігінен арнайы хабарламалар да ала алады.
Біз бір группадағы бір-бірімен онлайн кездесу үшін, бір-бірімен оңай тілдесу үшін жаңа жоба бастадық. COVID-19 кезінде Campus нағыз керек дүние деп ойлаймыз, – дейді жаңа желі менеджері Чармейн Хунг.
Жаңа желіде арнайы профиль ашу үшін мектептің электрон мекенжайы мен оқу орнын қашан аяқтағаныңды жазасың. Қазіргі таңда Facebook Campus АҚШ-та 30-ға жуық колледж бен университет студенттеріне қолжетімді. Компания алдағы уақытта желі аясын кеңейте түспек.
15 қыркүйек 2020 ж. 411 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031