» » 23 жастағы келіншек 6 баланың анасы атанды

23 жастағы келіншек 6 баланың анасы атанды

   Сарыағаш ауданы Дербісек ауылының 23 жастағы тұрғыны Еркінай Есенбаева алты баланың анасы атанды, деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Тұңғышын 18 жасында босанған жас ана №1 облыстық перинаталды орталықта дүниеге үшем алып келді.
Дәрігерлердің айтуынша, жүкті әйелдің денсаулығы сыр беріп, сәбилерін мерзімінен ерте – сегіз айда босанған. Ана мен бала өміріне қауіп төндірмес үшін дәрігерлер әйелді кесар тілігі арқылы босандырған. Екі ұл мен бір қызды өмірге алып келген жас ана мен нәрестелердің жағдайы жақсы және дәрігерлердің арнайы күтімінде. Көп балалы ананың дәрігерлерге айтар алғысы шексіз. Сәбилердің салмағы 2170 грамм, 2100 және 2615 грамм. Отбасымен ақылдаса келе нәрестелерге Ақжан, Маржан және Бақжан есімдерін берген. Жас отбасының 1 ұл, 2 қызы бар.
05 қазан 2020 ж. 215 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031