ШИЕЛІДЕ БАЛА ЕРЕКШЕ ЖАҒДАЙДА ДҮНИЕ КЕЛДІ
26 шілде күні Шиелі аудандық перзентханада нәресте памперске туылды. Толғақ қысқан келіншек босану бөлмесінде дәрігерлер келгенше өзінің памперісіне босанып қойған. Абырой болғанда қасында болған серігі шығып келе жатқан баланы аңғарып әйелді дереу керуетке жатқызған. Дәрігерлерді шақырған. Қыз бала дүниеге келді. Сәбидің аман-есен туылғанын көрген дәрігерлер босанған келіншекке мақтау сөздер айтып арқасынан қағыпты. Сәбидің салмағы 3200 грамм. 1977 жылы туылған ананың төрт ұлдан соң сүйген бесінші перзенті екен. Ерекше жағдайда босанған келіншекке хабарласып жағдай сұраған едік. - Дәрігерлерге қояр еш кінәм жоқ. Ең бастысы қызым аман-есен туылды. Аллаға шүкір қазір екеуміздің де жағдайымыз жақсы. Әлі есімін қойғаным жоқ, - дейді Ардақ.
Бізде сәбидің аман сау туылғанына қуанып, анасын құттықтадық.
Гүлбану МАҚАЖАН сурет ғаламтордан алынды.
Бізде сәбидің аман сау туылғанына қуанып, анасын құттықтадық.
Гүлбану МАҚАЖАН сурет ғаламтордан алынды.