Қазақстанда ПТР тестілеу ақысы арзандайды

Министрдің айтуынша, мамандарды даярлау арқылы отандық зертханалардың қуатын тәулігіне 63 мың зерттеуге дейін жеткізу көзделген.
«Шығын материалдары бағасының нарықта арзандауына байланысты Денсаулық сақтау министрлігі ПТР-тест тарифін 22 пайызға дейін арзандату бойынша ұсыныс әзірледі. Сонымен қатар жеке қорғаныс құралдары мен тест-жүйе арзандады. Ұсыныс мақұлданса, осы айдың соңына дейін тариф бекітіледі», – деді Алексей Цой.