» » Министрлік елімізде пневмонияның жаңа түрі шыққаны туралы ақпаратқа түсініктеме берді  

Министрлік елімізде пневмонияның жаңа түрі шыққаны туралы ақпаратқа түсініктеме берді  

 Қазақстанда COVID-19 індетінен де қауіпті белгісіз пневмонияның шыққаны туралы мақала қытайлық БАҚ-та жарияланды  
 Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігі қытайлық БАҚ-тың Қазақстанда өлімге әкелетін пневмонияның жаңа түрі таралып жатқаны жайлы ақпаратын жоққа шығарды.
"Кейбір Қытай бұқаралық ақпарат құралдарында Қазақстанда коронавирустан едәуір қауіпті белгісіз пневмония анықталғаны туралы ақпарат тарап жатыр. Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігі бұл ақпарат шындыққа жанаспайтынын ресми түрде мәлімдейді", - деп хабарлады ведомство.
Қазақстан өзге елдер сияқты пневмонияның мұндай түрін қадағалап отырады, бұл дер кезінде басқарушылық шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді, деп мәлімдеді денсаулық сақтау министрлігі.
9 шілдедегі брифингте денсаулық сақтау министрі Алексей Цой еліміздегі пневмониялардың жалпы саны туралы айтты: олардың арасында бактерия, зең, вирус тудыратындар –  соның ішінде АКХТ-10 тізіліміне сәйкес "анықталмаған этиологияның вирустық пневмониясы" бар.




10 шілде 2020 ж. 466 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031