Көптеген орташа банк ірі болды – Ақышев
2017 жылы Банк секторының қаржылық орнықтылығын арттыру бағдарламасы іске асырылды, оның басты бағыттары ірі банктерді қалыпқа келтіру және Ұлттық Банктің реттеуіш-қадағалау функцияларын жетілдіру болды. Бұл туралы Ұлттық Банк Төрағасы Данияр Ақышев Мемлекет басшысының қатысуымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында айтып берді.
«Бірінші – банк секторындағы проблемаларды тану және оны қалыпқа келтіру бойынша шаралар кешенін іске асыру», - деді Данияр Ақышев.
Өзінің баяндамасында ол 2017 жылға дейін банк секторы 2008-2009 жылдардағы дағдарыстан бері созылып келе жатқан проблемаларды баяу шешкенін атап өтті. 2013 жылы банк жүйесінің бүкіл несие портфелінен 33% болған проблемалық қарыздардың жоғары деңгейі жүйелік шешімдерді талап етті.
«Алайда банктер көп жағдайда консервативтік позицияда болды. Банктер проблемаларды нақты танудың орнына қарыз алушыларды қайта құрылымдауды және қайта біліктілігін арттыруды жүргізді, жекелеген кредиттер есептен шығарылды. Алайда банк жүйесінің балансы жаппай қалыпқа келтірілген жоқ», - деді Данияр Ақышев.
Ұлттық Банк Төрағасының айтуынша, нарыққа кейбір қатысушылар акционерлермен және менеджментпен байланысты тұлғаларды кредиттеу бойынша тәуекелді саясат жүргізе берді. Алайда 2000 жылдары мұндай қызмет банктердің шетелден қарыз ақшасы есебінен болса, соңғы жылдары мемлекеттің қаражаты есебінен қаржыландырылды. Мемлекеттік холдингтердің және квазимемлекеттік компаниялардың банктердегі шоттарында 7,2 трлн теңгеден астам қаражат бар. 2010 жылы 2,5 трлн теңге болды. Осылайша, ол 3 есе өскен. Банктердің міндеттемелерінде осындай қаражаттың үлесі 20%-дан 34%-ға дейін өсті.
Нәтижесінде көптеген орташа банктер ірі болды, шағын банктер орташаға айналды.
«Егер ол қорландырудың дифференциалды көздеріне құрылса, тартылған ақшаны пайдалануда ақылға қонымды тәсіл болса, бұл өсудің қалыпты процесі», - деді Ақышев.