Үкімет пен Ұлттық банк бірлескен мәлімдеме жасады
ҚР Үкіметі мен Ұлттық банк 2017 жылы ЖІӨ-нің 2,9%-ын құраған бюджет тапшылығын 2018 жылы 1,1%-ға азайтуды жоспарлап отыр. Бұл туралы Ұлттық эконмика министрі Тимур Сүлейменов мәлімдеді.Бүгін ҚР Үкіметі мен Ұлттық банк 2018 жылға арналған экономикалық саясатының негізгі бағыттары жөніндегі мәлімдемесінің жобасын ұсынды. Мәлімдемеде елдің ағымдағы жылға арналған макроэкономикалық және ақша-кредиттік саясатының басымдықтары туралы қалың жұртшылықты xабардар ету мақсатында әзірленген.
«Елбасының «Төртінші өндірістік революция жағдайында дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан xалқына арналған Жолдауына негізделген Ұлттық банктің 2018 жылға арналған экономикалық саясатының арналған негізгі бағыттары төмендегідей болмақ: макроэкономикалық тұрақтылықты сақтау; қолайлы бизнес климатын жасау; цифрлық компоненттерді қоса алғанда экономика салаларын дамыту; транспорт-логистика инфрақұрылымын дамыту», - деді Тимур Сүлейменов Үкімет отырысында.
Ол макроэкономикалық тұрақтылықты сақтау бағыты бойынша ақша-кредит және бюджет-салық саясатына негізделген шаралар қолданылатынын айтты.
«Мемлекеттік қаржы тұрақтылығын арттыру мақсатында 2017 жылы ЖІӨ-нің 2,9%-ын құраған бюджет тапшылығын 2018 жылы 1,1%-ға азайту жоспарланып отыр. Бұл дегеніміз Үкімет қарызын ЖІӨ-нің 20,0%-на жеткізбей ұстап отыруға мүмкіндік береді. Мұнайдан өзге бюджет тапшылығын 7,4%-ға дейін азайту жоспарланып отыр», - деді Тимур Сүлейменов.