» » Мамандар күннің суытуы коронавирусқа қалай әсер ететінін айтты

Мамандар күннің суытуы коронавирусқа қалай әсер ететінін айтты

Коронавирус төмен температурада жойылмайды. Күн суық болғанда вирус қатып қалады, алайда жылы ортаға түскенде қайтадан күшейеді.
Сонымен қатар суық мезгілде COVID-19 инфекциясының таралуы күшеюі мүмкін. Себебі ол уақытта адамның иммунитеті төмендейді. Бұған күн суық кезде бөлменің аз желдетілетіні, адамдардың көшеге қарағанда жабық ғимарат ішінде көп жүретіні де әсер етеді. Бұл пікірді сарапшыларға сілтеме жасап РИА Новости хабарлады.
«Температура неғұрлым төмен болса, вирус сыртқы ортада соғұрлым ұзақ сақталады. Қатып қалған кезде вирус белсенді болмайды, бірақ жылы болған кезде қайта жанданады. Барлық инфекция осылай әрекет етеді», – деді инфекционист, вакцинолог Евгений Тимаков.
Бұл пікірмен вирусолог, медицина ғылымдарының докторы Анатолий Альтштейн де келіседі. Ол да вирустардың ешқашан суықтан өлмейтінін, минус 196 градуста да, минус 20 градуста да жақсы сақталатынын айтты.
Альтштейн күннің суытуы адамдардың иммунитетін төмендетуі мүмкін екенін, ол аурудың таралуына да әсер ететінін айтты.
«Суық ауа коронавирустың таралуына әсер етеді, өйткені салқын болған сайын адамдар терезені жауып, аз желдетеді. Көшеге қарағанда үй-жай ішінде көбірек уақыт өткізеді. Соған байланысты вирус адамдармен тығыз қарым-қатынас кезінде желдетілмеген жерде таралады», – деп атап өтті Тимаков.
04 қараша 2020 ж. 310 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930