Жазғы ыстықта коронавирус жойыла ма?
Kyzylorda-news.kz. Коронавирустар – бұл қабатты вирустар тұқымдасына жататын, липидті, май мембранасы бар вирус. Оның тәжге ұқсас ақуыз «мүйізшелері» болады. Зерттеу кезінде олардың қабаттары басқа қабаты жоқ вирустарға қарағанда жылуға сезімтал болатындығы анықталған.
Суық кезде бұл қабық резеңкеге ұқсас күйге түседі. Мәселен табада тамақ пісіргеннен кейін май қалай қатып қалса, вирус та дәл солай қатып қалады. Демек, салқын ауа райы вирусты ағзадан тыс жерде қатырып, ұзақ сақтай алады.
Осыған байланысты қабатты вирустардың көпшілігі айқын маусымдық сипатқа ие. Зерттеу көрсеткендей, SARS-Cov-2 21-23 градус температурада және 40% салыстырмалы ылғалдылықта қатты заттардың бетінде (мысалы, пластика немесе болат) 72 сағатқа дейін дейін өмір сүре алады.
Covid-19 вирусының басқа температурада және ылғалдылықта қалай әрекет ететіні әлі күнге дейін белгісіз. Алайда өзге коронавирустардың зерттеулері олардың 4 градус температурада 28 күннен астам өмір сүретінін көрсетеді.
Covid-19 белгілеріне өте ұқсас, 2003 жылы SARS қоздырғышын тудырған коронавирус та құрғақ және суық жағдайларда өзін жақсы сезінді. Температура мен ылғалдылық неғұрлым жоғары болса, бұл вирустың өмір сүру мүмкіндігі қысқа болады.

«Ағзадан тыс орналасқан вирустың тұрақтылығына климаттық жағдай әсер етеді. Мысалы, вирусты жұқтырған адам түшкіріп немесе жөтелгеннен кейін ол ауаға және жер бетіне тарайды. Вирус организмнен тыс жерде қаншалықты көп сақталса, оның адамдарға жұқтыру және эпидемияны туғызу қаупі соғұрлым жоғары. Сovid-19 инфекциясының әлемдегі ең ірі ошақтары суық, құрғақ ауа райында тіркелді», – деп түсіндіреді, қоршаған ортаның биологиялық әртүрлілікке әсерін зерттеуші, Мадридтегі Ұлттық табиғи ғылымдар мұражайының қызметкері Мигель Ароухо.