» » Қызылордада эпидахуал күрделенсе зертханалар дайын ба?

Қызылордада эпидахуал күрделенсе зертханалар дайын ба?

  Қызылорда облысы бойынша COVID-19 коронавирус инфекциясын ПТР әдісімен анықтау 4 зертханада жүзеге асырылады. Олар «Ұлттық сараптама орталығының» Қызылорда облыстық филиалы, облыстық фтизиопульмонология орталығының бактериологиялық зертханасы және мемлекеттік тапсырыс бойынша келісім шарт арқылы «Олимп» пен «Инвиво» жеке клиникаларында жүргізіледі.
Бұдан бөлек, коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиологиялық ахуал күрделенген жағдайда облыстық ЖИТС және «М.Айқымбаев атындағы аса қауіпті инфекциялар Ұлттық ғылыми орталығы» Қызылорда обаға қарсы күрес станциясының ПТР зертханалары жұмысқа қосылуға дайын.
Бүгінгі күні облыс бойынша барлық зертханалардың бір күндік жалпы қуаттылығы 1820 анализді зерттеуге қауқарлы. Ағымдағы кезеңде COVID-19 анықтауға күніне 500-800-ге дейін ақылы және мемлекеттік тапсырыс бойынша сынамалар жүргізілуде.
Жыл басынан бері облыс бойынша COVID-19 анықтауға барлығы 123 027 сынама (ақылы және мемлекеттік тапсырысқа сәйкес) жүргізілді, оның 3262 коронавирустық инфекцияға оң нәтиже анықталды.
03 қараша 2020 ж. 356 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30