» » Қызылордада бір жастағы сәбиден коронавирус анықталды

Қызылордада бір жастағы сәбиден коронавирус анықталды

Қызылорда облысында бір жастағы сәбиге коронавирус инфекциясы диагнозы қойылды.
Соңғы тәулікте Қызылорда облысында коронавирус инфекциясының ауру белгісімен 7 адам анықталды. Олардың 2-і Қызылорда қаласының тұрғыны болса, 1-і Жаңақорған, 4-і Сырдария аудандарында тұрады. Олардың 4-і әйел адам, 3-і ер адам. Ең үлкені 1947 жылғы, ең кішісі 2019 жылы дүниеге келген.
«ПТР анализі эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша 3 науқастан ауру жұқтырған адамдармен қарым-қатынаста болуына байланысты алынған. Ал 1 адам ауруханаға жату алдындағы эпидбақылау мақсатында тексерілген. Сондай-ақ, 3 анализ провизорлық стационарға жатқызылған адамдардан эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша жүргізілді. Барлық науқаста COVID-19 ауруының белгісі байқалған. Зерттеу қорытындысы бойынша науқастардың ағзасынан коронавирус инфекциясы анықталды. Қазір пациенттер ауруханаға оқшауландырылып, хаттамаға сәйкес ем қабылдап жатыр. Ауру ошақтарында мамандар індетке қарсы іс-шаралар ұйымдастырып, қарым-қатынаста болғандар анықталуда», – деп мәлім етті Қызылорда облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті.
17 маусым 2020 ж. 331 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031