Данияр Ақышев қазақстандықтардың сұрақтарына жауап береді
22 ақпан күні (басталуы 10:00) Қазақстан Ұлттық банкінің (ҚҰБ) төрағасы Данияр Ақышев онлайн-режімде конференция өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Үш сағат бойы онлайн-режімде қазақстандықтар Ұлттық банктің қызметі, жүргізіліп отырған ақша-кредит саясаты, қаржылық қызметтер саласында өз құқықтарын қорғауға қатысты және көптеген өзге де мәселелер бойынша сұрақтарға жауап ала алады. Сұрақтарды «ҚҰБ Online» мобильдік қосымшасындағы «ҚҰБ төрағасы Д.Т. Ақышевтың онлайн-конференциясы» арнайы бөлімі; ақпараттық әріптес - «Kazinform» халықаралық ақпарат агенттігінің сайты; сондай-ақ Қазақстан Ұлттық банкінің Facebook (www.facebook.com/ulttykbanki/ және www.facebook.com/nationalbankkz/) және Instagram (https://www.instagram.com/national_bank_of_kazakhstan/) әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшалары арқылы жолдауға болады. «ҚҰБ Online» мобильдік қосымшасын App Store және Play Market арқылы iOS және Android платформаларында мемлекеттік және орыс тілдерінде жүктеп алуға болады.