» » Қызылордада агро саланы дамытудың жәй-жапсары талқыланды

Қызылордада агро саланы дамытудың жәй-жапсары талқыланды

«Nur Otan» партиясының жанындағы «Аграрлық сектор» бағытындағы аймақтық комиссия мүшелері «Жан-Арай» ЖШС еңбек ұжымымен кездесіп, ауыл шаруашылығы бағытындағы жұмыстарды жетілдірудің жәй-жапсарын талқылады.
Атап өту керек, өңірде мемлекеттік қолдаудың арқасында ауыл шаруашылығы өндірісінің дамуында оң нәтижелер қалыптасқан. Сыр диқандары су тапшылығының туындауына қарамастан, биыл күріштің әр гектарынан орташа 61,8 центнерден өнім алып, 551 мың тоннадан астам ел қамбасына астық құйып, кезекті рекордтық көрсеткішті жаңартып отыр.
Аграрлық салада өндірілген өнім көлемі 94,4 млрд. теңгеге жетіп, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 3,2 пайызға артқан. Ауыл шаруашылығына салынған инвестиция көлемі 1,8 есеге, тамақ өнімдерін өндіруге салынған инвестиция 1,6 есеге ұлғайған. Биыл облыс бойынша барлығы 184,2 мың гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары орналастырылып, жалпы егіс көлемі соңғы бес жылда 16 мың гектарға көбейген.
Кездесу барысында облыстық ауылшаруашылығы басқармасы басшысының кеңесшісі Омархан Пашкенов суармалы суға байланысты жыл сайынғы мәселелерді ескере келе, егіншілік саласын әртараптандыру бағытындағы қолға алынған жұмыстарды да атап өтті.
Соңғы бес жылда өңірде мал азықтық дақылдар 4,0 мың гектарға, күріштен басқа дәнді дақылдар 7,5 мың гектарға артты. Әртараптандыруға бағытталған соя, жүгері және бидай дақылдары егісінің көлемін ұлғайтып, аквагельді пайдаланып егілген 80 гектар күздік бидайдың әр гектарынан 18,0 центнерден өнім алынды. Сондай-ақ, алдағы кезде күріштің егіс көлемін азайтып 80-85 мың гектарға тұрақтандырып, орнына диверсификациялы дақылдар егу көзделіп отыр. Келесі жылы Қазалы ауданында жаңбырлатып суғару тәсілімен егілетін 87 гектар жүгері, Жаңақорған ауданында томат пастасы өндірісін ашуға бағытталған 3 мың гектар қызанақ егу бірінші кезекте іске асырылмақ. Ал, Шиелі ауданында пайдаланылған ағын суды қайта қолдану арқылы жаңбырлату тәсілімен 10 мың гектарға жоңышқа дақылы егу қолға алынады деп атап өтті.
Инновациялық технологияны қолданысқа енгізіп, күрішті ақтап қана қоймай, оның қалдығынан мал азығын дайындап отырған өнідіріс орнының ұжымы кездесу барысында құрама жемге мемелкет тарапынан субсидия берілсе деген ұсыныстарын жеткізді.
Жалпы «Жан-Арай» агроөнеркәсіп кешені әртараптандыру бағытында алма бағы, ет бағытындағы қаз бен үйрек өсіріп отыр. Алдағы уақытта жаңадан өндіріс көздерін ашу мақсатында жылыжай, көтерме сату орталығы жобаларды жүзеге асырмақ.
10 қараша 2020 ж. 270 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031