» » Қызылордада жаңа аурухана салынады

Қызылордада жаңа аурухана салынады

Облыс орталығында бой көтеретін жаңа онкологиялық орталық ғимаратының жоба-сметалық құжаттары әзірленді. Аталған құжат сараптамадан өткеннен кейін орталықтың құрылыс жұмыстары басталады.
Аймақтағы онкологиялық ахуал және енді ірге көтеретін орталық туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтылды. Оған Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының директоры ­Диляра Қайдарова, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәбит Пазылов және облыстық онкология орталығының директоры Сәкен Серғазиев қатысты. 
Диляра Қайдарова – медицина ғылымдарының докторы, жоғары санатты онколог-дәрігер, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі. Оның айтуынша, Қазақ онкология және радиология ҒЗИ – Қазақстандағы онкологиялық ауруларға диаг­ностикалық және емдік көмек көрсететін жетекші орталық, сондай-ақ онкология кадрларын даярлау және қайта даярлау жөніндегі клиникалық база. Сапар мақсатына тоқталған ол облыстың онкологиялық ахуалына сараптама жүргізіп,  көмек көрсетуге келгенін жеткізді.
Қатерлі ісік сырқатының көрсеткіші бойынша Қызылорда облысы елімізде 15-орында тұр. Айта кетейік, жыл сайын мыңға жуық сырқат тіркеледі. Брифингте Д.Қайдарова әсіресе, қалқанша безі сырқатымен ауыратын науқастар денсау­лықтарына айрықша көңіл бөліп, тексеруден өту қажеттігін баса айтты. 
– Біздің профессор мамандарымыз өңірдегі қатерлі ісік сырқаты бойынша мониторинг жүргізуде. Қажетті дәрі-дәрмек жеткілікті ме, қандай проблемалар бар, соны анықтадық. Мониторинг барысында мұнда қажетті медициналық құрал-жабдықтардың түгел екендігіне көзіміз жетті. Пандемия кезінде тұрғындар үйде болып, скринингтен өту мүмкіндігінен айырылды. Осындай қиындықтарға қарамастан, облыстық онкология орталығы өз пациенттеріне қажетті көмек көрсетті. Бұған қоса, ­COVID-19-ға шалдыққан онкология­лық науқастарға каран­­тиндік төсек-орындар ұйым­дастырылған, – деді ол.    
Қазір аймақта эпидахуал тұрақты. Сон­­дықтан да мамандар тұр­ғындарды ақысыз негізде өткізілетін скринингтік тексеруден өтуге шақырып отыр. Әсіресе, 40 жастан асқан әйелдер маммографиялық тексеруден өтулері тиіс. Мұндай  диагностикалық шаралардың еліміз бойынша жүргізіліп жатқанын айта кетейік.
Сөз соңында Д.Қайдарова онкологиялық сырқатқа қарсы 2018-2022 жылдарға арналған кешенді жоспар туралы айтып, құрылысы басталатын жаңа онкологиялық орталық ең озық құрал-саймандармен жабдықталатынын жеткізді. Айта кетейік, жаңа орталықта қызмет жасайтын кадр құрамы да жасақталған. 
«СБ» ақпарат
11 қараша 2020 ж. 308 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031