Қатерлі ісіктен сақтануға бола ма?

Қатерлі ісіктің таралуына басты себеп – темекі түтіні. Қатерлі ісікке ерлер арасында – 17,7 пайыз, ал әйелдер арасында 12,4 пайыз шалдыққан. Екінші себеп – артық салмақ, ал үшінші себеп – күннің ультракүлгін сәулесінен пайда болатын дерт. Бұдан өзге ішімдік ішу, ауаның ластануы және жасұнықтымөлшерден артық пайдалану бар.
Ғалымдар саламатты өмір салтын ұстанса онкологиялық аурудың алдын алуға болатынын айтады. «Саламатты өмір салтын ұстану қатерлі ісікке шалдықпауға тұтастай кепіл бола алмайды, десек те мүмкіндік көп», - дейді орталық басшысы Харпал Кумар.