» » Той иелеріне – 7 миллион теңге айыппұл

Той иелеріне – 7 миллион теңге айыппұл

Ақтөбе облысында бір аптада 11 той иесіне 7 миллион теңгеден астам айыппұл салынды. Мұның өңірдегі коронавирус жағдайына әсері бар. Өйткені өткен тәулікте 10 адамның індет жұқтырғаны анықталған. Оның алтауы – қала тұрғыны.
Облыстың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Нұрсұлу Беркімбаеваның мәлімдеуінше, инфекция жұқтырғандардың төртеуі – зейнеткерлер. Оның айтуынша, олар қонаққа барып, дүкен аралағаннан індетке іліккен. Қазір 263 ақтөбелік үй карантинінде жатыр.«3-9 қараша күндері аралығында мейрамханаларда 11 той өткізілген. Оларға 7,2 миллион теңгеге айыппұл салынды. Қазір облыста эпидемиологиялық ахуал тұрақты. Егер біз бетперде тағып, арақашықтықты сақтасақ, жағдай қалыпты болады. Сондай-ақ өңірде оқушылардан COVID-19 анықталмады. Оқушы саны 300-ден аспайтын мектептер дәстүрлі оқу тәртібіне көшеді. Қазір қаулы дайындалып жатыр», – деді Нұрсұлу Беркімбаева.Қанша жазалау шарасы жүріп, айыппұл салғанымен, өңірлерде той тоқтамай тұр. Дәрігерлер індетті жұқтыру ошағы той мен адам көп шоғырланған жер дегенімен халық құлақ асар емес.
"Айқын" кз
15 қараша 2020 ж. 476 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031