» » 2017 жылы жемқорларға 2 млрд теңгеден астам айыппұл салынған

2017 жылы жемқорларға 2 млрд теңгеден астам айыппұл салынған

2017 жылы Қазақстанда сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығы бойынша 441 адамға 2 млрд теңгеден астам айыппұл салынған. Бұл туралы Жоғарғы соттың қылмыстық істер жөніндегі сот коллегиясының төрағасы Абай Рахметулин мәлімдеді.
«2017 жылы айыппұл салу жазасы аздап төмендеді. Бұл бірқатар себептермен түсіндіріледі. Негізгі себебі айыппұл сомасы көп болғандықтан адамдардың бәрі оны төлей алмайды. Анализ көрсеткендей сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі бойынша 441 адамға 2 млрд теңгеден астам айыппұл салынды», - деді Абай Рахметулин Жоғарғы соттың кеңейтілген кеңесінде.
Оның айтуынша, заңды күшіне енген үкімдер бойынша айыппұлды төлей алмауына байланысты жемқорлыққа қатысы бар 63 тұлғаның жазасы ауыстырылған.
Абай Рахметулин 2017 жылы сотқа 1 млн 350 мың іс келіп түскенін айтты. Бұл дегеніміз 2016 жылмен салыстырғанда 11% -ға (1 млн 212 мың) көп. Ал қылмыс саны 15,3%-ға артқан. Ауыр қылмыс 3%-ға, аса ауыр қылмыс 13,6%-ға көбейген. Айып тағылған 33,8 адамның 865-і ақталып шыққан.
29 қаңтар 2018 ж. 1 581 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031