«САУДА ҮЗДІГІ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА ӨТЕДІ

Өңірдің кәсіпкерлік саласына тың серпін берген – «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен қолға алынған «Бастау бизнес» жобасы аясында биыл 7 ауданнан 1600 адамды оқыту көзделуде.
«Сауда үздігі - 2017» республикалық байқауында қызылордалық кәсіпкерлер бірнеше номинациялар бойынша І орынды жеңіп алды.
Анықтама үшін:
- «Үздік бөлшек сауда кәсіпорны» номинациясы бойынша - «Браунис Қазақстан» ЖШС-гі І орын;
- Үздік демалыс аймағы номинациясы бойынша – «Нұр-назар» ЖШС-нің «Арай» спорттық-сауықтыру кешені І орын,
- «Үздік көтерме сауда кәсіпорны» номинациясы бойынша -«Абзал және К» ТС-гі І орынды еншіледі;
- «Жылдың үздік басшысы» номинациясының гран-приі - «Абзал және К» ТС-нің директоры М.Сәрсенбаевқа берілді.
Нәтижесінде қызылордалықтардың байқау қорытындысымен І орынға ие болуына орай, үстіміздегі жылы «Сауда үздігі» республикалық байқауы Қызылорда облысында өтетін болды. Байқау өткізу тамыз айына жоспарланып отыр. Байқауды өткізу барысында жергілікті кәсіпкерлер үшін тиімді барлық шараларды ұйымдастыру қарастырылатын болады. Яғни, сауда айналымын дамыту, жобалар үшін инвесторлар мен серіктестер табу және т.б. бағыттар бойынша жұмыстар атқарылады.
Қызылорда облысыкәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі