» » КӘСІПКЕРЛЕР МАРАПАТТАЛДЫ

КӘСІПКЕРЛЕР МАРАПАТТАЛДЫ

Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының алаңында аймақта кәсіпкерлік саласының дамуына үлес қосып жүрген бизнестегі азаматтар мен мемлекеттік орган және өзге де мекемелердің өкілдері марапатталды.
    Шарада Палата директоры Ғалымбек Жақсылықов қатысушыларға жыл көлемінде атқарған жұмыстарына алғысын білдірді.
    Біз жаңа  жылға ерекше көңіл-күймен қадам басқалы отырмыз. Халқымызда «Өткен жылға өкпе жоқ, келер жылдан үміт көп» деген даналық сөз бар. Осы жылы Кәсіпкерлер палатасынан 7 мыңнан астам кәсіпкерге кеңес берілсе, 200-ден астам кәсіпкердің құқығы қорғалған. Мұнан өзге Палата кеңесшілері жылпы құны 2 млрд. 427 млн.теңгені құрайтын 372 жобаны сүйемелдеген. Ауыл азаматтарына арналған «Бастау Бизнес» жобасы сәтті жүзеге асты. Тұңғыш рет кәсіпкерлік мақсаттағы жер телімдеріне арналған аукцион Кәсіпкерлер палатасының алаңында өтті. Кәсіпкерлеріміз республика көлемінде үздік нәтижелер көрсетуде. Ел Президентінің республикалық «Алтын сапа» сыйлығында «Абзал және К» ТС-і үздіктер қатарынан көрінсе,  Қазақстанның сауда кәсіпорындарының үздік басшыларын анықтау, сервис деңгейін және қызмет көрсету сапасын көтеру мақсатында елімізде дәстүрлі өткізілетін республикалық «Сауда үздігі» байқауында қызылордалық кәсіпкерлер   4 номинация бойынша гран-приді иеленіп, 2018 жылы «Сауда үздігі» байқауы жеңімпаздар өңірі – біздің облысымызда өтетін болды. Бұл ақпараттар атқарылған жұмыстардың бір бөлігі ғана. Алға қойған жоспарларымыз да ауқымды. Ең бастысы елімізде тыныштық, бірлік, береке болсын, - деді Ғалымбек Жақсылықов.
     Мұнан кейін, саланың дамуына үлес қосып жүрген азаматтар марапатталды.
    Атап айтқанда, Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын алуға арналған байқауға белсенді қатысқаны үшін «Арал тұз» АҚ-ы «Атамекен» ҰКП Төралқа Төрағасының Алғыс хатымен марапатталады.
    Еліміздің экономикалық әл-ауқатын жақсартуға қосқан еселі еңбегі мен кәсіпқойлығы, сондай-ақ Өңірлік кәсіпкерлер палатасы қызметінің дамуына қосқан үлесі үшін «Атамекен» ҰКП Басқарма төрағасының Құрмет грамотасымен
    Сугралин Ержан Базарбайұлы – «Іскер М» серіктестігінің директоры Ержан Сугралин,  «Көлжан» серіктестігі директорының орынбасары Ғалым Байманов, «K-GroupЛТД» серіктестігінің директоры Қанат Боранбаев марапатталды.
          Сондай-ақ, Басқарма төрағасының Алғыс хаты «Сана сезім орталығы» серіктестігінің директоры Раушан  Базарбайға, Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Жанна Амановаға,  «НефтьПромСнаб» серіктестігінің директоры Қазыбек Қуанышбаевқа және жеке кәсіпкер Ғани Бекболатовқа табыс етілді.
    Бірқатар кәсіпкерлер Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасы директорының  Алғыс хатын иеленді.
    Қызылорда облысы
    кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі
29 желтоқсан 2017 ж. 1 102 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930