Мұнай бағасы үш апта бойы арзандап келеді
Мұнайдың әлемдік бағасы барреліне 75-76 долларға дейін арзандап кетті. Мамырда 80 доллардан қымбат болған.Бұған АҚШ-та мұнай қазу көлемі ұлғайғаны себеп болды. Бұл елде мұнай бұрғылау құрылғыларының саны 862-ге жетіп, 2015 жылдың наурызындағы максимумға жетті. Бұдан басқа, ОПЕК елдері де мұнай өндіру көлемін арттыруға дайын екенін хабарлады. Ресей де маусымда мұнай қазуды 1%-ке көбейтті.
Мұнай нарығында Венесуэладан және Ираннан келетін мұнай көлемі азайғаннан кейін тұрақсыздық туындады. Сауд Арабиясы Ресей секілді мұнай жеткізуді 1%-ке ұлғайтты.