» » Қазақстандықтардың жалақысы өсе бастады

Қазақстандықтардың жалақысы өсе бастады


2018 жылдың ІІ тоқсанында Қазақстандағы жұмысшылардың орташа айлық жалақысы 162,7 мың теңгені құрадыБиылғы жылдың І тоқсанында орташа жалақы мөлшері 152,4 мың теңге болған еді. Дәл қазір бұл көрсеткіш 6,7% өсті. Бір жыл ішінде атаулы жалақы 8,5%, ал нақтысы 2,2% өсті.
2018 жылдың ІІ тоқсанының қорытындысы бойынша, тау-кен өндірісі мен карьерлер өңдеушілерінің, қаржы мен сақтандыру саласындағылардың жалақысы бәрінен жоғары екені анықталды. Аталған саладағы жалақының орташа мөлшері 358,5 мың және 335,2 мың теңгені құрады. Ғылым мен техника саласындағылар орташа есеппен 273,2 мың, байланыс – 238,4 мың, өнеркәсіп саласындағылар 224,7 мың және құрылыстағылар 212,8 мың теңге көлемінде жалақы алды.

30 шілде 2018 ж. 907 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031