» » Ұлттық банк: Депозиттердің долларлану деңгейі 44,5% құрады

Ұлттық банк: Депозиттердің долларлану деңгейі 44,5% құрады

Биылғы маусым айында депозиттердің долларлану деңгейі 44,5%-ды құрады. Бұл туралы Үкімет отырысында Ұлттық банк төрағасының орынбасары Олег Смоляков айтты.
"Ұлттық Банктің алтынвалюта резервтері шілденің соңында, алдын ала деректер бойынша, 30,9 млрд АҚШ долларын, Ұлттық қордың активтері 56,8 млрд АҚШ долларын құрады. Жалпы халықаралық резервтер жылдың басынан бері 1,6%-ға немесе 1,4 млрд АҚШ долларына төмендеп, 87,7 млрд АҚШ долларын құрады», - деді О.Смоляков.
Ұлттық Банк төрағасы орынбасарының айтуынша, депозиттік ұйымдардағы депозиттер маусымның соңында 17,8 трлн теңгені құрады. Оның құрылымында ұлттық валютадағы депозиттер бірінші жартыжылдықта 9,9 трлн теңгеге дейін 8,2%-ға өсті, шетел валютасындағы депозиттер 7,9 трлн теңгеге дейін 4,9%-ға төмендеді. Нәтижесінде депозиттердің долларлану деңгейі маусымда 44,5%-ды құрады.
"Жинақтау валютасын таңдау кезінде айырбастау бағамының айқындаушы фактор ретіндегі рөлі төмендеп жатқанын атап өту қажет. Мұны теңгенің АҚШ долларына қатысты бағамының әлсірегеніне қарамастан биылғы жылғы мамырда және маусымда теңгедегі депозиттердің өсуі көрсетіп отыр. Теңгедегі салымдар мамырда 0,2%-ға, ал маусымда – 5,4%-ға өсті. Осының салдарынан депозиттердің долларландыру деңгейінің төмендеуі жалғасуда", - деді Олег Смоляков.
14 тамыз 2018 ж. 870 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031