» » ҚАЗАҚСТАННЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ РЕЗЕРВІ 87,6 МЛРД ДОЛЛАРДАН АСТЫ

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ РЕЗЕРВІ 87,6 МЛРД ДОЛЛАРДАН АСТЫ

Қазақстанның халықаралық резервінің көлемі 2018 жылғы шілде айында маусыммен салыстырғанда 0,61%, 2017 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 1,58% төмендеп, 87,668 млрд АҚШ долларын құрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ҚР Ұлттық банкінің берген мәліметіне қарағанда, Қазақстанның жалпы халықаралық резервінің көлемі шілде айында 2,62% өсіп (жыл басынан бері 0,46% өскен), 30,886 млрд долларды құраған, соның ішінде таза халықаралық резерв 2,67% өсіп (+0,51%), 30,388 млрд доллар болған.
ҚР Ұлттық қоры активтерінің көлемі 2,29% (-2,66%) төмендеп, 56,782 млрд долларды құрады. Еркін конвертацияланатын валютадағы активтердің көлемі 18,09 млрд долларды құрады, бұл көрсеткіш өткен айда 5,41% (ал өткен жылдың желтоқсанынан бері 0,86% азайған) өскен. Алтын валюталардың көлемі 1,07% (+2,39%) қысқарып, 12,796 млрд долларды құрады.
08 тамыз 2018 ж. 670 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031