» » Елбасының АҚШ-қа ресми сапары аясында құны 7 млрд доллардан асатын 20 келісім бекіді

Елбасының АҚШ-қа ресми сапары аясында құны 7 млрд доллардан асатын 20 келісім бекіді

Елбасының АҚШ-қа ресми сапары аясында құны 7 млрд долларды құрайтын 20 келісім бекіді. Еліміз Америкадан Boeing ұшақтарын алады, сонымен қатар Қазақстанда 900 электровоз құрастырылады. Бұдан бөлек авиация, фармацевтика, агросектор секілді салаларда да бірлесе жұмыс атқарамыз. Сапар аясында 3 үкіметаралық келісім орнады. Құжатта Қазақстан арқылы коммерциялық теміржол транзитімен қамтамасыз ету, халықаралық Салық кодексін оңтайландыру мәселелері қарастырылған. Биылдыққа Елбасының жолы түскен алғашқы ел АҚШ болды. Ақ үй қожайыны да жыл басындағы бірінші мейманын қабылдағалы отыр. Бірақ сапардың өзегі бұл емес. Трамптың әр қадамынан жаңалық күтетін журналистер мен сарапшылар бұл кездесуге көз тігіп, құлақ түруде. Өйткені Ақ үй екінің бірін төріне шығара бермейді әрі Орталық Азия елдері ішінде Дональд Трамп өз резиденциясына ресми сапармен шақырған алғашқы президент қазақ көшбасшысы болды. Бұл күндері Вашингтонда ауа температурасы күрт төмендеп кеткен. Синоптиктер 1905 жылдан бері мұндай қыс болған емес деп жатыр. Алайда сыртқы ауа райына қарамастан, Ақ үйде ыстық ықыластың лебі есіп тұр. Қазақ басшысы – бүгін мұнда қадірлі қонақ. Көпке ұқсамайтын саяси стилі қалыптасқан Трамп мұндай құрметті көрінгенге көрсете бермейді. Содан болар бұл кездесуге назар ерекше. Қазақстан мен АҚШ арасындағы қарым-қатынас кеше орнаған жоқ. Еліміздің тәуелсіздігін алғашқылардың бірі болып мойындаған Америкаға Президент 1992 жылы барып, алпауытқа серіктестік ұсынған еді. Осы ширек ғасырда арада дорба емес, жорға жүретін деңгейге жетті. Бұл жолғы сапар да серіктестікті жаңа деңгейге көтерері сөзсіз. Кездесудің ресми бөлімі басталмас бұрын Нұрсұлтан Назарбаев Ақ үйдегі «Құрметті қонақтар» кітабына қолтаңбасын қалдырды.
17 қаңтар 2018 ж. 957 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031