» » «Крутой» нөмірлерді сатып алуға рұқсат беріледі

«Крутой» нөмірлерді сатып алуға рұқсат беріледі

Биыл 01 қаңтардан бастап 010, 020, 030, 040, 050, 060, 070, 077, 080, 090, 707 сандары бар мемлекеттік тіркеу нөмірлері жоғары сұранысқа ие. Нөмірдің құны – 137 085 теңге. Сондай-ақ бірдей әріптік белгілері бар (ААА, ВВВ және т.б.) нөмірлерді алуға да рұқсат етіледі.
Қазақстан Республикасының жаңа «Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» ҚР-ның 2017 жылғы 25 желтоқсандағы кодексінің талаптарына сәйкес нөмірлер ІІО-да сақтауда болған кезде 30 жұмыс күнінен аспайтын уақытта бұрын берілгендерді қайтарғаны үшін мемлекеттік баж салығын төлеу талабы жойылды.
Астана қаласы ІІД ӘПБ тіркеу-емтихан бөлімінің бастығы полиция майоры Эльдар Данияровтың айтуына қарағанда, жүргізушілерге МТНБ телнұсқаларын бергені үшін жиынтық ретінде де, жеке дана ретінде де баж салығын төлеу мүмкіндігі ұсынылған.
Сонымен қатар, бөлім халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтер сапасын жоғарылатуға бағытталған жұмыстарды тұрақты негізде жүргізеді. Жүргізуші куәліктерін жоғалтуына, жарамдылық мерзімдерінің өтуіне және сауаланамалық деректерінің өзгеруіне байланысты ауыстырғысы келетін азаматтарға қолайлы болу үшін Астана қаласы, Қ. Сәтбаев көшесі, 25 мекенжайында орналасқан Астана қаласы «Алматы» ауданының ХҚКО-да жүргізуші куәліктерін ауыстыру және уақытша жүргізуші куәлігін алу пункті ашылды.
Анықтама алу үшін шұғыл желі телефондары жұмыс істейді:
көлік құралдарын тіркеуге, қайта тіркеуге және жүргізуші куәлігін алуға қатысты мемлекеттік қызмет көрсетулерді алу рәсімі мәселесі бойынша 8 (7172) 57 07 82 телефонына хабарласуға болады. Жазбаша өтініш, арыз және сұраухат жолдау мәселесі бойынша 8 (7172) 57 07 72 телефонына хабарласуға болады.
19 қаңтар 2018 ж. 1 059 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031