» » Қазақстанда автокөлік нөмірін ауыстыру шығыны төмендеді

Қазақстанда автокөлік нөмірін ауыстыру шығыны төмендеді


ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Руслан Дәленов қабылданған жаңа салық кодексінің артықшылықтары туралы айтты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі. «Бұдан былай автокөлік нөмірін жоғалтып алған жағдайда автокөлік иесі көлік нөмірінің дубликаты үшін төлейтін мемлекеттік баждың мөлшері азаяды. Бұрын автокөлік иелері көлік нөмірін жоғалтып алған жағдайда нөмір жиынтығын (алдыңғы және артқы нөмірін) бірақ сатып алуға және мемлекеттік баж төлеуге міндетелетін. Баждың мөлшері - 6734 теңге артық еді. Бұдан былай бір ғана нөмірдің дубликатын сатып алу арқылы бір нөмір үшін (тек жоғалған - авт.) мемлекеттік баж төлеуге болады. Яғни, төлеуге міндетті соманың мөлшері екі есеге азайып, 3367 теңгені құрайды. Бұл ыңғайлы», - дейді Руслан Дәленов ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.
20 қаңтар 2018 ж. 1 160 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930