» » Әлемдегі миллиардерлер саны күрт өсті

Әлемдегі миллиардерлер саны күрт өсті


Кедейлікпен күресетін Oxfam ұйымының хабарлауынша, 2017 жылы әлемдегі «жаңа» табыстың 82%-ы ең бай адамдарға тиесілі болған. Баяндама халыққа 22 қаңтар күні таратылды.
Әлеуметтік-тұрмыстық жағдайы ең төмен болып есептелетін 3,7 млрд адам әлем табысынан еш пайда көрмеген. Мұнымен қатар, 2016-2017 жылдары миллиардерлер саны айтарлықтай өсті. Oxfam мәліметінше, әр екі күн сайын миллиардерлер қатары жаңа бір адаммен толығып отырған. Бүгінгі таңда әлем бойынша миллиардерлер саны 2043 адамға жетіп отыр.
«Миллиардерлердің көбеюін экономиканың өркендеуімен шатастырмайық. Бұл керісінше экономикалық тәртіптің бұзылуының көрінісі», - дейді Oxfam ұйымының директоры Винни Бьяньима.
Германиядағы Oxfam кампаниясының жетекшісі Йорг Калински аталған іске қатысты сыни пікір білдірді.
«Бай-бағландар саяси шешімдердің қабылдануына тікелей әсер етеді. Мұнымен қатар, акционерлердің табысын көбейту үшін жалақы мен салыққа кететін қаржыны қысқартады», − дейді Калински.
22 қаңтар 2018 ж. 1 188 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031