» » » 1 қаңтарда жер шарындағы халық саны 7,444 млрд адамға жетеді

1 қаңтарда жер шарындағы халық саны 7,444 млрд адамға жетеді

Жер шарындағы халық  1 қаңтарда 7 444 443 881 адамға жетпек. Бейсенбі күні АҚШ санақ бюросының мамандары осындай мәлімдеме жасады, деп хабарлайды ТАСС. Олардың айтуынша, 1 қаңтарға қарай Жер шарындағы адам санының өсімі өткен жылмен салыстырғанда 78,5 млн адамға көбейіп, өсім 1,07 пайызды құрамақ. Сонымен бірге олар 2018 жылы секундына 4,3 өмірге келіп, 1,8 адам о дүниелік болғаны жайлы айтты. Бұған дейін аталмыш бюро 2050 жылға қарай жер бетіндегі халықтың саны 9 млрд адамға жететіні туралы болжам жасаған. XI ғасырдың басында жер шарында 310 млн адам өмір сүрсе, 1900 жылы бұл көрсеткіш 1,6 млрд адамға жеткен. 6 миллиардық меже 1999 жылы бағындырылған болатын. 2011 жылы жер бетіндегі адамдар саны 7 миллиардқа жетті.
29 желтоқсан 2017 ж. 1 308 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031