» » ҚАЗАҚСТАН – АЗ АҚШАМЕН ӨМІР СҮРУГЕ БОЛАТЫН 20 МЕМЛЕКЕТТІҢ БІРІ

ҚАЗАҚСТАН – АЗ АҚШАМЕН ӨМІР СҮРУГЕ БОЛАТЫН 20 МЕМЛЕКЕТТІҢ БІРІ

Қазақстан 2017 жылдың қорытындысы бойынша аз ақшамен өмір сүруге болатын мемлекеттер тізімінде 19-орында тұр.
Numbeo базасы әр мемлекетте қанша ақшамен өмір сүруге болатындығын Нью-Йорктегі күнкөріс деңгейімен салыстыра отырып анықтады. Қазақстанда аталған қаламен салыстырғанда 65,75% аз ақшамен өмір сүруге болады. Ал пәтер жалдау ақысы 88,77% арзан. Азық-түлік бағасы Нью-Йорктегі бағалардың тек 28,06%-ын құрайды. Мұнымен қатар, сатып алу мүмкіндігі бар адамдардың индексі 40,75%-ға жетіп отыр.
Бұл тізімде көрші Ресей 39-орында тұр. Сатып алушылар индексі Америкамен салыстырғанда 51,11%-ды құрап отыр. Ал Беларусь елі 18-орында. Аз ақшамен өмір сүруге болатын мемлекеттердің тізімінде Пәкістан, Мысыр және Украина сынды мемлекеттер көш бастады. Соңғысында сатып алу мүмкіндігі бар адамдардың саны жалпы халықтың 30,24%-ын құрап отыр. Ең қымбат мемлекеттер болып Бермуд аралдары, Швейцария және Исландия танылды. Аталған рейтингте 115 мемлекет бар.
29 қаңтар 2018 ж. 963 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031