» » Делдал арқылы сатып алынған армян көліктері қалай тіркеледі?

Делдал арқылы сатып алынған армян көліктері қалай тіркеледі?

Арменияда тіркелген көлікті Қазақстанда уақытша тіркеуге қою үшін көлік иесінің өзі келуі керек, деді арнайы тапсырмалар жөніндегі аға инспектор Ақтоты Боранова  
"Армения көліктерін алыпсатарлардан алған адамдар көп. Арменияға өздері бармаған, демек көлікті өз атына тіркемеген. Олар енді Қазақстанда көлікті уақытша тіркеуге қоя алмай жүр. Олардың мәселесі қалай шешіледі?", - деп сұрады тілшілер Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.
Сұраққа арнайы тапсырмалар жөніндегі аға инспектор Ақтоты Боранова жауап берді. Оның айтуынша, Арменияда тіркелген көлікті Қазақстанда уақытша тіркеуге қою үшін көлік иесінің өзі келуі керек.
"Техникалық төлқұжатта көлік иесі жазылған. Оны тауып, уақытша тіркеуге шақыру керек. Егер көлік иесін таба алмасаңыз, ішкі істер органдарының көмегіне жүгінсеңіз болады. Қазір мамандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарында біздің қызметкерлеріміз отырады", - деді Боранова.  
Ол соларға барып, техникалық құжатта көрсетілген адамның мәліметтерін шығарып алуға болатынын атап өтті.
Боранованың сөзіне қарағанда, армян көлігін сатып алған адам оны өз атына да аудара алады. Бірақ ол үшін алдымен көлік иесімен бірге Арменияға барып, тіркеуден шығу қажет. Осыдан кейін көлік Қазақстанда тұрақты тіркеуге қойылады.
Айта кетейік, бүгінде сақтандыру полисімен армян көліктерін мініп жүрген қазақстандықтар аз емес. Алайда жол ережесі бұзылса, айыппұл көлік иесіне емес, рөлде отырған адамға салынады.



17 маусым 2020 ж. 529 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031