» » ЖАҢА КӨЛІКТІ ЕНДІ ОНЛАЙН ТІРКЕУГЕ БОЛАДЫ

ЖАҢА КӨЛІКТІ ЕНДІ ОНЛАЙН ТІРКЕУГЕ БОЛАДЫ

  Қазақстандықтар енді автосалоннан сатып алған жаңа көліктерін egov.kz электронды үкімет порталы арқылы онлайн түрде тіркей алады.
Ол үшін автокөлікті сатып алуға мәміле жасай отырып, автосалон өкілі көлік құралын egov.kz порталы арқылы тіркеуге өтінім беруі тиіс.
Оған қажетті құжаттарды бекіту, автомобильдің VIN-кодын, сондай-ақ клиенттің ЖСН көрсету маңызды. Аталмыш өтінім сатып алушының жеке кабинетіне түсетін болады.
Сатып алушы осы өтініммен порталдағы жеке кабинетте танысып, мемлекеттік нөмірлік белгіні таңдап, мемлекеттік баж салығын және тіркеу алымын төлеп, өтінімді өзінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен (ЭЦҚ) қол қойып растау қажет.
Дайын техникалық құжатты және нөмірлік белгіні сатып алушы тиісті хабарлама алғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде арнайы ХҚКО-дан ала алады. Сонымен қоса, қызмет алушы алдын ала ресімделген сенімхат бойынша құжаттарды және мемлекеттік нөмірді үйге жеткізу бойынша автосалон қызметін пайдалана алады.
Естеріңізге сала кетейік, төтенше жағдай кезінде арнайы ХҚКО egov.kz электрондық үкімет порталы арқылы ресімделген дайын құжаттарды беруге ғана жұмыс істейді.
Айта кетейік, бүгінгі күні бұл қызмет Қазақстан аумағында өндірілген, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерден әкелінген автомобильдер үшін қолжетімді.
Аталған қызмет ҚР цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен, ҚР Ішкі істер министрлігімен, "Азаматтарға арналған үкімет" МК КЕ АҚ және "Ұлттық ақпараттық технологиялар"АҚ бірлесіп іске асырылды.
Оны сілтеме арқылы пайдалана аласыз: https://egov.kz/cms/ru/services/vehicle/reg-vehicle_1
22 сәуір 2020 ж. 336 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031