» » Қазақстан Ұлттық банкі елордаға көшірілді

Қазақстан Ұлттық банкі елордаға көшірілді

ҚР Президенті Қасым-жомарт Тоқаевтың 2020 жылғы 10 сәуірдегі №304 Жарлығына сәйкес Қазақстан Ұлттық банкін көшіру 1 шілдеге дейін жүзеге асырылды. 

Бұл туралы аталмыш банктің баспасөз қызметі хабарлады. Ұлттық банктің жаңа заңды мекенжайы: Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік ел көшесі, 57А бойынша орналасты. 
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Қазақстанның қаржы орталығы – Алматы қаласында Әйтеке би, 67 мекенжайы бойынша Ұлттық банктің тұрақты өкілдігі ашылды. Оның басшысы болып Ұлттық банк төрағасының орынбасары Д. Ғалиева тағайындалды. ҚРҰБ өкілдігі ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен, Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығымен, қаржы нарығының субъектілерімен және халықаралық қаржы институттарымен тығыз өзара іс-әрекетті жалғастырады, - делінген хабарламада. 
29 маусым 2020 ж. 354 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031